Шытырман түс

Бұл бетте «Шытырман түс» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 770
Жайылымға, егінге жарамастай,
Малшы, диқан өлең қып қарамастай,
Тақыр, тастақ, шым батпақ, сорлы танап
Жатқаны рас ұлы іске араласпай.
Өткен сайын солардың тұстарынан
Келгендей-ақ бөтен бір тысқарыдан,
Байғұстарды сөгеміз пайдасыз деп
Содан маған шытырман түс дарыған.
Түсімде мен ылғи сол бос танаптан,
Қасіретке көзінен жас тонатқан,
Мың заманғы жұрттардың көшін көрем,
Құстар көрем, оқ тиген қос қанаттан.
Шаһар көрем, өртеніп құлап жатқан,
Шырқырайды дыбыстар құлақ жақтан,
Туған жерге тұқымын қалдырмастай
Безіп кетіп барады құлан қақтан.
Қала, дала, шытырман жан-жануар,
Арылмаған дау-шары, жанжалы бар.
Байғұстардың мекенін мүсіркемей
Сөккен адам шындықты жалған ұғар.
«Жалған ұғар!..» деген бір өктем үннен
Оянғаннан шошындым от демімнен. —
Keшip!.. — деген жалғыз сөз неше дүркін
Сыбыр қағып жаныма жетті ерінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шытырман түс өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Шытырман түс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шытырман түс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шытырман түс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері