КЕЙДЕ АДАМ ОСЫЛАЙ – Нұрлан Тотанов

Бұл бетте «КЕЙДЕ АДАМ ОСЫЛАЙ» атты Нұрлан Тотанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қалайсың ба? жоқ əлде қаламайсың,
Кейде ақылды, кейде жас баладайсың.
Іс біткен соң, қол ұшын созғандарға,
Танымастай таңырқап қарамайсың.

Өз басыңа іс түссе алаңдайсың,
Жағымпаздық жолымен жалаңдайсың.
Өз нəубетің келгенде көмек бермей,
Қу түлкідей құбылып бұлаңдайсың.

Сен қандайсың? бəріде сен сияқты,
Кейде көңлің дария көл сияқты.
Кейде айтқан сөздерің тұрағы жоқ,
Ұшып жүрген шаң-тозаң жел сияқты.

Бір нəрсені бірақта ұмытпағын,
Уəдеңді орындап ұлықтағын.
Біле тұра білместей жүрер болсаң,
Білгін соны құдайды ұмытқаның.

Адам бауыр қашанда бір-біріне,
Сөздің түсін дұрыстап төркініне.
Бір-ақ атым насыбай қырмандай боп,
Ренжісіп жүрмегін ертеңіне.

Сөз бердің бе орында айтқаныңды,
Алла сүймес сөзіңнен қайтқаныңды.
Ащы жесең есіңе ала білгін,
Бір кездері тəтті дəм татқаныңды.

Мен жазбаймын өтірік ойдан тоқып,
Нем бар босқа біреудің көңілін шоқып.
Əркім өзі біледі өз айыбын,
Сөздеріме мəн берсе терең оқып.


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

КЕЙДЕ АДАМ ОСЫЛАЙ өлеңінің авторы кім?

Нұрлан Тотанов — осы өлеңнің авторы.

КЕЙДЕ АДАМ ОСЫЛАЙ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

КЕЙДЕ АДАМ ОСЫЛАЙ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрлан Тотанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

КЕЙДЕ АДАМ ОСЫЛАЙ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері