Бақыт бағы – Нұрмұханбет Фариза

Бұл бетте «Бақыт бағы» атты Нұрмұханбет Фариза жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

Жанымда жүрген кезде жақсыларым,
Деймін қалай басымда тапшы бағым.
Аллам өзі саулықты нәсіп етсін,
Жүзімдегі шаттыққа сақшыларым.

Әке-ана – алтыннан қымбат бағаң,
Біздер үшін тіленбей күн батпаған.
Сүрінгенде демейтін қос қанатым
Сіздер барда қайғы да жұмбақ маған.

Бауырларым - көзімнің қарашығы,
Сіздерменен көңілдің дара шыңы.
Сіздер барда хақым жоқ түңілуге
Бойымдағы сабырдың жанашыры.

Асыл жарым – жанымның тең тірегі,
Сезімдердің шәрбәтін сездіреді.
Қорғаным деп риясыз сенем бекем
Ақ жүрегің бәріне төздіреді.

Балам менің,
Ел алдында беретін бағам едің,
Бар бойымды өзіңе көшірмелеп,
«қанатымды құлаштап қағам» дегін.
Жолыңда сенің құрбан болар едім.

Өмірдің басам талай баспалдағын,
Сіздермен жазам талай дастандарын.
Бақытымның бағында шырқай берем
Сіздер барда сыннан да жасқанбадым.
Көңілдерді кір шалмай жүрсе болды,
Шаңына да тұрмайды басқа арманым.


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыт бағы өлеңінің авторы кім?

Нұрмұханбет Фариза — осы өлеңнің авторы.

Бақыт бағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыт бағы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақыт бағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар