Диалог – Фариза Бейсенбекова

Бұл бетте «Диалог» атты Фариза Бейсенбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.11.2018
  • 0
  • 0
  • 4194
Үйдің іші түн ортасы кіргендей,
Ояу жатқан жалғыз ғана бір мендей.
Мазам қашты, үйіп берген ұстаздың,
Тапсырмасын орындауға үлгермей.
Қабырғада үлкен сағат тұрды айқын,
Ертелі-кеш тоқтамайтын,тынбайтын.
Бар өкпемді соған айттым ақыры,
Тық-тық етіп бар уақытты ұрлайтын.
- Сен неге осы әншейінде өтпейсің,
Керек кезде ештеңеге жетпейсің?!
Сенің де айтар өкпе назың белгілі,
Қадірімді білмейтіндер көп дейсің!
Сағат айтты:кетірсеңде дерек тың,
Маған сірә жасай алар бөгет кім!
Мен сендерге бос уақытта қажетсіз,
Тек қиналып,асыққанда керекпін.
Әр сағаты санаулы боп аһ ұрған,
Науқастар көп таңды көзбен атырған.
Ал ниетсіз оқушы үшін өтпеймін,
Сабақ қашан бітеді деп отырған.
Жандар көп қой іші пысып еріккен,
Жеңіл оймен,ойнап күліп желіккен.
Уақытын босқа өткізген адамдар,
Өлерінде өкінеді неліктен?!
Маған босқа жұмсағанша күшіңді,
Пайдасы бар тірлік жаса тұшымды.
Уақытыңды босқа өткізгің келмесе,
Уақытында істе әр бір ісіңді.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ»
Қадірін сен оятқан әр күннің.
Тегін емес екендігін ұққайсың,
«Алтын уакыт» деп айтқаны халқымның.
«Өтінемін, қоя тұршы жылжымай»
Дедім оған мұңлы үнмен тұнжырай.
Сонда сағат сәл ойланып тұрды да,
Деді маған «ұйықташы мылжымай»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Диалог өлеңінің авторы кім?

Фариза Бейсенбекова — осы өлеңнің авторы.

Диалог өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Диалог өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Бейсенбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Диалог өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері