Туған жер!
Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.
Атағың жаһан жайылған.
Керегең кең туған жер,
Жүрегім сен деп соғылған
Кіндігім кескен туған жер.
Көгіңде сұңқар қалықтап,
Көліңде тұлпар ойнақтап,
Жүреміз күнде асыр сап-
Баурайыңда туған жер!
Өзіңде өсіп, жетілген
Талай ақын, батырлар
Сен үшін деп сол батыр-
Жанын қиған туған жер!
Білесің бе? Туған жер!
Естіппе едің сен бұны?
Сен үшін, талай шумақ арнаған
Ақын жырау күйшілер!
Түнің қандай əсерлі,
Жымыңдайды жұлдыздар☆
Түнгі самал желдерің-
Шуақ сыйлар жаныма!
Уəде берем туған жер!
Таптамайды төсіңді
Жайпамайды жеріңді
Кім-көрінген аяғы.
Қара шығым туған жер,
Бар асылым туған жер,
Сен деп, өтем мəңгілік.
Қаным сіңген туған жер!
Модератор
Авторға БҚО Теректі ауданы. Шаған ЖОББ мектебінің 8 сынып оқушысы Қайыржанова Аида. деп жазудың керегі жоқ, Қайыржанова Аида десе дұрыс болады