БІЛІМ

Бұл бетте «БІЛІМ» атты Серік Қозыбаев жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Мектеп деген білімнің,
Мөлдір тұнық бұлағы.
Ұстаз деген шəкіртің,
Жол көрсетер шырағы.

Оқу білім таныған,
Бұл өмірде ұлы жан.
Оқу білім танымаған,
Қараңғыда қаңыраған.

Оқу-біліммен жарық,
Күндерің нұрға толып.
Білім деген бағың,
Басыңда тұрған қонып
.
Оқу үшін бар мектепке,
Босқа жүрме текке.
Оқыған жандар,
Бақыттылар бұл өмірде.

Оқысаң бағың жанып тұр,
Босқа өтпей уақыт құр.
Оқымасаң егер сандалып,
Ата-анаңа сор болып тұр.

Оқу-біліммен нұрланайық,
Жас көңілді босқа былғамайық.
Ұстаз деген ұлы жан ардақты,
Сондықтан ұстаздарды бағалайық.

Авторы : Серік Қозыбаев


Пікірлер (5)

малинка

оте керемет олен

малинка

Серик козыбаев вы супер

малинка

молодец

пико

сіз ақын бола аласыз

Амина

Ма күшті ғой

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

БІЛІМ өлеңінің авторы кім?

Серік Қозыбаев — осы өлеңнің авторы.

БІЛІМ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

БІЛІМ өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

БІЛІМ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер