ƏЙ ӨМІР

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бекер-ақ өмір сүрдім бе,
Жасандылық күлкімде.
Бұл дүние өтер екен-ау,
Жақсылық жасадым –
Қол ұшын беріп кімдерге.

Қалдырып суық түндерге,
Тоңдырып қысқы күндерге,
Бұл дүние өтер екен-ау,
Көзді ашып жұмғанша
Желдей зулап бір күнде.

Өмір сүрдім бе бекер,
Бəрін-бəрі ұмытып кетер.
Біле білсең өткінші ғой,
Доста, Махаббатта,
Нөсердей бір сіркіреп өтер.

Ойлап ем бақыттымын деп,
Бойлап ем жан-тəнім деп.
Айла не, кетті ғой бəрі,
Көкіректен итеріп кеп.

Əй, өмір əділет қайда,
Берген сөз, серт қайда.
Əй, егер жалған болса,
Сеніп бауыр басып,
Жүргеннен не пайда?

Авторы: Серік Қозыбаев


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

ƏЙ ӨМІР өлеңінің авторы кім?

Серік Қозыбаев — осы өлеңнің авторы.

ƏЙ ӨМІР өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

ƏЙ ӨМІР өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Қозыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

ƏЙ ӨМІР өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.