БАҚЫТТЫ ТАНИ БІЛ – Серік Қозыбаев

Бұл бетте «БАҚЫТТЫ ТАНИ БІЛ» атты Серік Қозыбаев жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмір деген құлатып сүріндірер,
Өзі-ақ кім екеніңді түсіндірер.
Сезінсең қиналғаның да,
Жаныңды Анаң ғана түсінер.

Бұл сөзімді өмір өзі саған түсіндірер,
Текке жазылған ойға ұқсатсаң егер.
Бақыт деген ол Анаң сен үшін күйінер,
Уақытша сен қыдырған мына көшелер.

Білем жастық деп сен жалындайсың,
Көше кезіп Анаңды да жиі алдайсың.
Бірақ досым ертерек көзіңді аш,
Бір күні Анаңа кеш деуге жарымайсың.

Өмір жүйрік ат қанаты талмас құстай,
Қала алмайсың мына уақытты ұстай.
Бəрі өтер, бəрі кетер болмағандай,
Қарттығыңда жетер жастық əлің қалмай.

Сен жүрсің кештері мейрамхана аралап,
Анаң отыр уайыммен саған алаңдап.
Ей досым, бар бақытыңды бағалай біл,
Жүргенше əр арсызды бір жағалап.

Өмірдің мəні бақыттың бағы отбасың,
Кім кепіл мына өмір саған не жазбасын.
Сен үшін Анаң жүр күні-түні күйіп-жанып,
Сондықтан Анаңды бағала кеш боласын.

Ана сөзін ұқсаң бақытты боларсың,
Əке жолын қусаң жаман болмассың.
Бар ғұмыр саған жанашыр болған,
Ал енді Əкең мен Анаңды сыйларсың.

Бұл сөзім үлгі болғай Көп ойланам пендеге қарап жалын.
Ақша мен байлық, мансап қуғандар,
Бақыттылар емес кесіп айтарым.

Бағалаңдар жанашыр жандарыңды,
Мейірім мен атқызған жылу таңдарыңды.
Шіркін Ана мен Əке ғажап жандар ғой,
Баласы үшін арнаған бар жақсыларды.

Авторы : Серік Қозыбаев


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

БАҚЫТТЫ ТАНИ БІЛ өлеңінің авторы кім?

Серік Қозыбаев — осы өлеңнің авторы.

БАҚЫТТЫ ТАНИ БІЛ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

БАҚЫТТЫ ТАНИ БІЛ өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

БАҚЫТТЫ ТАНИ БІЛ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар