Өлең, жыр, ақындар

Әрине, балаң басқа

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2566
Әрине, балаң басқа,
Жарың басқа.
Бөледі көңіліңді қарындас та.
Шаруасы тіршіліктің біткен емес,
Бір кезек дем ал дейсің бәрін тастап.
Не табам шынында үйге қамалғанда?
Не табам өзіме-өзім қаналғанда?!
Бір мезет дұрыс шығар сергіген де,
Бір мезет дұрыс шығар дем алған да
Қызықтың қашқаны ма,
Қуғаны ма?
Осылай тарайды бір у қаныңа.
Жұмыстың бәрін ұмытып,
Қойып кетем
Өмірдің дүрілдеген думанына.
Құштар ғой ойын-тойға өте халық.
Құлағын түрер жырға жата қалып.
Содан соң сері күндер,
Сері түндер
Өзімді қақпақылдап кетеді алып.
Қысқасы,
Жалын сөзден қызып денем,
Ай бойы,
Апта бойы қызық көрем.
Шеті жоқ,
Шегі де жоқ
Керемет бір
Көңілдің шалқарында жүзіп берем.
Келемін баяғыдан жазып, көкем.
Адамға тамақ қана азық па екен!
Жүргенде демалыста өңім кіріп,
Жұмыссыз іштей бірақ азып кетем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әрине, балаң басқа өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Әрине, балаң басқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әрине, балаң басқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әрине, балаң басқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері