Қабағына мұз қатқан

Бұл бетте «Қабағына мұз қатқан» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 556
Қабағына мұз қатқан
Қарайды тау түнеріп.
Хабар болмай біз жақтан,
Көзіне жас тіреліп.
Ашылмайды жыр бағы
Сіңбеген соң санаға.
Болмай әбден бір бабы,
Өң кірмеді далаға.
Ойламаймыз расында,
(Кеттік білем, қарау боп!)
Алматының қасында
Алатауы бар-ау деп.
Жылаймын да егілем,
Еске түспей ескі атау.
Көңілімнің көгінен
Көрінбейді Көкшетау.
Соқыр болдық көруге,
Қиялға да кедейміз.
Қазағымның жерінде
Қаратау бар демейміз.
«Миғұла» деп тілдесе,
Қалай шыдап көнермін?!
Ұлытауды білмесе,
Ұрпағыма не дермін?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабағына мұз қатқан өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қабағына мұз қатқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабағына мұз қатқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабағына мұз қатқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері