Суықтық туралы жыр – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Суықтық туралы жыр» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 544
Солтүстіктегі
Көрші елден соққан
Суық циклондар
Қазақстанның бүйіріне
Шаншудай қадалып тұр.
Сол суықта
Ауыл, қалалар
Белшесінен қарға көміліп
Тұтқынға түскендей
Қамалып тұр.
Дүние
Қанын ішіне тартып,
Қабарып тұр.
Мына суықтың
Сұрапылын-ай!
Борасын, борандарының
Бірде оң жақтан,
Бірде сол жақтан
Үйіріліп соғып
Ұратынын-ай.
Жатып қалған малдар
Сол бойында
Серейіп қатып қалады.
(Құдай-ау,
Мына суықтан
Адам түгілі
Жын- шайтандарыңыздың өзі
Естен ауысып
Әлденелерді айтып
Шатып барады).
Ұшып бара жатқан құстар
Дәл аяғыңның астына
Лақтырған тастай боп
Топ ете түседі.
Дірдектеп тұрсаң да
Жүрегің
Солқ ете түседі…
Басқаны былай қойғанда
Үстіне
Қырау мен қардан
Тон киіп алған
Мәшиналарыңның өзі
Жүріп бара жатып
Тұрып қалады.
Әйтеуір мына дүние
Дәл қазір
Халыққа қараған
Үкіметтің қабағындай боп
Суып барады.
Алла жар болсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Суықтық туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Суықтық туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Суықтық туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Суықтық туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері