БІЗ АДАМДАР – KS_Kairat Kudaibergen

Бұл бетте «БІЗ АДАМДАР» атты KS_Kairat Kudaibergen жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

БІЗ АДАМДАР

Біз адамдар қанаты жоқ қыранбыз,
Сүрінуге ылғый дайын тұрамыз.
Жақсылардың жақсылығын жасырып,
Жаман жағын жариялауға құмармыз.

Жараланған жандарды жұбатпаймыз,
Сырттан сөксе біреулер ұнатпаймыз.
Таудан аққан мөп-мөлдір тұнық едік
Орта жолда былғанған бұлақтаймыз.
Қол ұшын созғандарды тез ұмытып,
Көмектеспей қойғандарды ұмытпаймыз.

Жан болмайды бұл жалғанда армансыз,
Сол арманға жетпей жылап қалғанбыз.
Сондадағы егер жақсы ойлансақ
Біз адамдар ең бақытты жандармыз.

Оңды солды сөйлеуден жалықпаймыз
Көңілдері  қалар деп қамықпаймыз.
Кешірім сұра десең бір-бірінен
Сөйлемеген өмірі балықтаймыз.
Өкпені оңай арта салатындай
Біз кейде құдайданда қорықпаймыз.

Өсек айтса еміреніп тыңдаймыз,
Жын-жыбырдан шабыт алып шулаймыз.
Ал рухани азық алар өлеңнен!
Бойымызды неге алшақ ұстаймыз?!

Біз адамдар қаламы жоқ ақынбыз,
Мейірбанбыз,  ізгілікке жақынбыз.
Жүректерді жібітейін мұз қатқан
Егер қалам берсе маған халқымыз.
Қайрат Құдайберген


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

БІЗ АДАМДАР өлеңінің авторы кім?

KS_Kairat Kudaibergen — осы өлеңнің авторы.

БІЗ АДАМДАР өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

БІЗ АДАМДАР өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде KS_Kairat Kudaibergen өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

БІЗ АДАМДАР өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар