Қызығардай болса өмір дерегім

Бұл бетте «Қызығардай болса өмір дерегім» атты Сағыныш Намазшамова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қызығардай болса өмір дерегім,
Бақ алдында келер бір күн кезегім.
Уақыт деген сапарластың жүгі ауыр,
Бір жағынан көтеріссем деп едім.
Көтерісем, міне менің иығым,
Бетке алармын бетпақ дала қиырын,
(Оралар кім?!) орамалдың шетіне
Ар-ұяттың түйіп алып түйірін.
Уақытпен ұстанғанбыз бір бағыт,
Қатар жүріп, бір әуенді тыңдадық.
Мәре жайлы мәре-сәре сөз қылдық,
Дәл сол жаққа келген дейсің кім барып.
Басып өттік бірде шаһар, бірде ауыл,
Бөркімізді алып кетті бір дауыл.
Құтырынған құйын қайдан ұғынсын,
Тағдыр жүгі кімге жеңіл, кімге ауыр.
Ілескеннің, әрине, асқақ айбыны.
Көлі қоғалы, аққулы ғой айдыны.
Бұлғыр тауға тастап кеткен Тарғындай
Уақыт, жолда қалдырасың қай күні?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызығардай болса өмір дерегім өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Қызығардай болса өмір дерегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызығардай болса өмір дерегім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қызығардай болса өмір дерегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері