Түскен тіс

Бұл бетте «Түскен тіс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1688
Отырғанда қонақта,
Танысымның түсті босап бір тісі.
Орап оны мұқияттап бұл кісі,
Салып алды қорапқа.
Таңдандым да сұрадым:
«Түскен тістің қажеті бар қаншалық?»
Деді ол сонда: «Естімеп пе ең, шырағым?
Жүрген жақсы тарихқа шын зер салып;
Островский өлгенде,
Мұражайына қоятын,
Көңіл бірден тоятын
Заттарын екшей келгенде,
Пьесалары болғанымен ондаған,
Бір тісі де қалмаған.
Кім біледі, мені де ажал алмай ма?
Бұл тіс сонда ескерткіш боп қалмай ма?»
* * *
Кейбір пақыр талантпын деп санайды,
Ұлыларға қарайды,
Өзін соған балайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түскен тіс өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Түскен тіс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түскен тіс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түскен тіс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері