Ояну
- 0
- 0
Таң шапағы шашырап,
Жанарыңда жарқ етті.
Арамыз тез ажырап,
Тәтті сәтті тәрк етті.
Бұл бетте «Оян!» атты Ақжелең Қуандық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақжелең Қуандық — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Ақжелең Қуандық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Сені күттім, ұзақ күттім,
Зор үмітпен шыдап күттім.
Тәңір маған қарайласты,
Көктем болып арай шашты.
Бірімізді-біріміз білмесек те,
Батыл кірдің үйіме бір кезекте.
Құлай тыңдап сөзіңді мен де бірден,
Тарта бердің өзіңе ер көңілмен.
Елестейді сенің бейнең жұмбақты,
Арасынан түнгі жанған оттардың.
Саябырлап қала жолы ырғақты,
Жаныма жай бір рахат боп қалдың.
Тыңдаймысың, жүрегім,
Жиі-жиі соқпашы.
Ырғағыңды үнемі,
Бір қалыпты сақташы.
Күмістен кірпігің,
Қыс көркі, – өткен күн.
Өңің тұр құлпырып –
Белгісі көктемнің.
Модератор
Өлеңді сайысқа қатыстыру үшін ілмектерді дұрыс қою керек, ілмегі дұрыс еместерді қазылар алқасы қарастырмайды.