Шабыт – өзім

Бұл бетте «Шабыт» атты өзім жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сүрінсеңде,жығылсаңда құламағың,
Керек емес ешкімге жылағаның.
Жөн болар сенің дағы сабырлықты,
Бір Алладан жалбарынып сұрағаның.

Мұңаясың жетістікке жетпегенде,
Саған қарай сәтсіздік беттегенде,
Жетістіктің жолдарын түсінерсің,
Мақсатыңды түзетіп,ептегенде.

Мұңайма,алға ұмтыл,шарықтағың,
Қырандай көк аспанда қалықтағың.
Өз өміріңнің авторы сенсің жалғыз,
Бұл сөзді ешқашан ұмытпағың.

Жолың дара,мақсат айқын,дара тұлға,
Тырысады дұшпандарың құлатуға.
Өз-өзіңді алып шық еркіндікке,
Шамаң жетет бүкіл жұртты қаратуға.

Еліктегеннен жұлдыздарға пайда барма,
Биіктесең бетіңнен қайтарғанда.
Еліктегің Аланның елшісіне ,
Көркем мінез Мұхаммед пайғамбарға.

Табиғат,өзен көл бұлақтарды,
Шабыт шіркін осыларды құмартады.
Халқымның жылы лебіз,сезімдерін,
Жүрегім шын жүрекпен ұнатады


Пікірлер (3)

Камила

Өзім деп жазу керек емес, енгізгенде авторы өзім деген жазу бар сол жазуды басу керек

Модератор

Қате болса өшіру керек емес, -қалам- деген белгіні басып өңдеуге болады.

Арайлым

Керемет. Өте орынды айтылған. Мен іздеп жүрген өлеңнің бірі болды. Шығармашылық шабытың талмасын. Алла жар болсын.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабыт өлеңінің авторы кім?

өзім — осы өлеңнің авторы.

Шабыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде өзім өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шабыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері