қыран – boranbayuly88

Бұл бетте «қыран» атты boranbayuly88 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қыран

Мен қыранмын - еркіндікті құп қөрген,
Мақтанатын қазақ деген мықты елмен.
Мен бар жердің несібесі молайып,
Мен бар жерге әрқашанда құт келген!

Мен қыранмын - бостандықты сүйетін,
Аспанымсыз мазам кетіп, күйетін.
Қанатымды кеңге жайып ұшпасам,
Бұзылар ма бұл өмірдің жүйесі!?

Мен қыранмын - барлайтұғын төбеден,
Сондай ем ғой әлмисақтан, көнеден.
Мен налысам, топырақ болып түнеріп,
Қуанғанда аспан болып көгерем...

Мен қыранмын – патшасымын құстардың,
Биік ұшып, биіктікті ұстандым...
Төмендегі кең даламды үнемі,
Мұхит болып, ғалам болып құшқанмын.

Мен қыранмын – қанаттары талмайтын,
Қиындықсыз Гималайға самғайтын.
Гималайың сөз емес қой, тәйірі!
Ғарышта, әне, асулар тұр арбайтын!

Мен қыранмын – көк аспанға ғашық ем,
Менің елім ең керемет, асыл ел.
Өр басымды иер болсам егерде,
Қазақ пенен Жаратқанға бас ием!!!

Мен қыранмын - жазарым да өр өлең,
Сахарамды ұлылыққа теңегем!
Байрағына бейнелеген қыранды,
Әз қазағым қандай текті, көреген!


Пікірлер (1)

Модератор

Барлығын бөлек-бөлек енгізген дұрыс болар.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

қыран өлеңінің авторы кім?

boranbayuly88 — осы өлеңнің авторы.

қыран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

қыран өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде boranbayuly88 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

қыран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар