Суретке қарап – Кабзулдина Нұргүл

Бұл бетте «Суретке қарап» атты Кабзулдина Нұргүл жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Суретке қарап... Өткенді көрдім, өмірді,
Өткен күндерден өңкей бір елес төгілді.
Ана бір сурет-балалық шағым, балғын-ақ,
Жымия қарап, күйзелтіп өтті көңілді.

Ал мына сурет-анам мен әкем, әлі жас,
«Уақыттан озған жүйрік жоқ» деймін тағы рас.
Кейінгі сурет-шалыпты қырау самайды,
Тағдырдың сірә, қап-қара шашқа жаны қас.

Суретке қарап...Өмірдің көрем өткелін,
Бәлсіне жаптым балалығымның беттерін.
Базарлы шағым бұрымы шағыма беттедім.
Сен енді кетпе, жастығым жауһар кетпегін.


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері