Оян – kanatkanat

Бұл бетте «Оян» атты kanatkanat жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Оян
Оян, қуанышта шашу шашпайды,
Ерлерің ерлігіне баспайды.
Жүргеніңде жаға жыртып, ағылып,
Иманың басыңнан еш аспайды.
Оян, бүгініңмен өмір сүресің,
Бауырыңмен ырылдасып үресің.
Жүрсең сен осылай қазағым,
Бітпес өзгелермен күресің.
Оян, қара қытай қаптауда,
Құлдығына қазақтарды баптауда.
Тек қазақтар бірін-бірі түрткілеп,
Ғұрпымызды аяқ-асты таптауда.
Оян, көзіңді аш бойлама,
Жаназаңды дүбірлете тойлама.
Қазақ қызы қарындасым дей тұра,
Зинақорлық жасауыңды ойлама!
Оян, қыздарың қырық үйден тыйылмай,
Бірге төскейде малың жиылмай.
Қазақ ата жойылып кетсе қайтем,
Ақтығың тостығыңа құйылмай.
Оян, дүйім жұрттың болдың әсте мазағы,
Аз ба еді, көрген қазақ азабы?
Өзге ұлтқа опасыз қиған қызын,
Өзіміздің қара домалақ қазағы.
Оян, тар заман тығырықтай теңселді,
Сайлап алғын «Қазақ» деген кеңсеңді.
Буыны тік бабалардың рухына,
Тағзым етіп, көтер, қане, еңсеңді.

Ешкімқұл Аяулым


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оян өлеңінің авторы кім?

kanatkanat — осы өлеңнің авторы.

Оян өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оян өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде kanatkanat өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оян өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар