Ана тілім - арымсың – Ұлпан Тажибаева

Бұл бетте «Ана тілім - арымсың» атты Ұлпан Тажибаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қазақтың тілі- тірегім,
Лүпілдеп соққан жүрегім.
Айрылсам егертілімнен,
Қалайша өмір сүремін.

Жеріммен бірге тілімді,
Бабалар жаудан қорғаған.
Айтатын болсам шынымды,
Бәрінен қымбат ол маған.

Тілім бар жерде самғаймын,
Биікте ұшсам талмаймын.
Жүректен шыққан ақ ниет,
Балауса жырды арнаймын.

Мемлекеттік тілі деп,
Көктегі жарық күнім деп,
Анамдай сені көремін,
Алдымнан шығар күлімдеп.

Қазақтың асқақ тілінде,
Сөйлегенім үшін мақтанам.
Шаттық бар менің үнімде,
Осының өзі бақ маған.

Егемен еркін елімде,
Ұлан-байтақ жерімде.
Теңесіп ұлы тілдермен,
Көркейер тілім тегінде.

Қазақтың тілі ұлы елмен,
Бәсекеде теңелген.
Тіліммен бірге елім де,
Жасайды мәңгі білем мен.

Бақытым,тілім-бағымсың,
Жүректе алау жалынсың.
Құрметтеп жүрем мен сені
Ардағым сенсің арымсың.

Өтемін сүйіп,сені елім,
Көңілі дархан кең елім.
Өзіңде ғана тілімнің,
Болашағы бар деп сенемін.

Әлемде мынау бүгінгі,
Жастар көп бізде білімді.
Үйренем өзге тілді де,
Құрметтеп ана тілімді.

Тілім – менің тірегім,
Сүйенерім,білемін.
Тілім барда өзіңмен,
Жарқын өмір сүремін.

Жаңа ғасыр есігін,
Білімді ұлан ашады.
Тілім ғасыр есімін,
Алтын нұрмен шашады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана тілім - арымсың өлеңінің авторы кім?

Ұлпан Тажибаева — осы өлеңнің авторы.

Ана тілім - арымсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана тілім - арымсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлпан Тажибаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ана тілім - арымсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар