Ағаштардан әр тайып
- 0
- 0
Ағаштардан әр тайып
сидаң тартқан жағалай.
Күні жетпей қартайып.
күйік көрген анадай.
Бұл бетте «Туған жер» атты Азилхан Жалғас Жеткерұлы жазған туған жер туралы өлең берілген.
Ағаштардан әр тайып
сидаң тартқан жағалай.
Күні жетпей қартайып.
күйік көрген анадай.
Құлазып жатыр құм дала,
құба жондардан көш өтпей.
Жусаны солған жылға да
қызуы кеткен төсектей.
Даланы жалғыз жайланып,
шымылдық құрып жатты түн.
Киіз үй. Көгал. Ай жарық.
Бағандай биік ақ түтін
Сәуірдегі шуақ-ай,
сағымы ойнап, күн күлер.
Көзі жанып шырадай
шырт ұйқыдан тұрды Жер.
Нөсер өтті селдетіп,
тай тақырға қақ тұрды.
Бұлақ-бала ержетіп,
таудан тасты лақтырды.
Indira1986
Талабыңа нұр жаусын
Б. Арай
Күшті екен ғой!