Неге біздер сондаймыз? – Қылышбай Ақнұр

Бұл бетте «Неге біздер сондаймыз?» атты Қылышбай Ақнұр жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көп нәрсені білеміз деп ойлаймыз,
Арман, қиял шексіз бәрін бойлаймыз.
Шын мәнінде ешнәрсеге мән беріп,
Көз жеткізіп, анығына тұнбаймыз.
Тек өтірік қудаймыз,
Басын көріп, артын ойлап тұрмаймыз.
Істер істі ойланбай-ақ істеп-ап,
Аһ, ұрамыз, осы әдетті қоймаймыз.
Тоймаймыз,
Көрінгенді жеу керек деп жырлаймыз.
Бургер, кфс бәрін тегіс бойлаймыз,
Асxанаға неге біздер бармаймыз?
Ойлаймыз,
Сонда біздер не нәрсені ойлаймыз?
Біреуіде дұрыс бағдар бермесе,
Не себепті ондай істі қолдаймыз.
Тыңдаймыз,
Ия, біздер реп, трек тыңдаймыз.
Ата-анамыз айтқан істі құлаққа,
Не себепті білмейм біздер алмаймыз?
Сондаймыз,
Ертеңді тек ертеңінде ойлаймыз.
Тырысайық, жақсы нәрсе ойлайық,
Сонда біздер ешкімнен де қалмаймыз.

©️Қылышбай Ақнұр


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге біздер сондаймыз? өлеңінің авторы кім?

Қылышбай Ақнұр — осы өлеңнің авторы.

Неге біздер сондаймыз? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге біздер сондаймыз? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қылышбай Ақнұр өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге біздер сондаймыз? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері