Жүзіп келем – Ергеш Арайлым

Бұл бетте «Жүзіп келем» атты Ергеш Арайлым жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жүзіп келем, жүзіп келем,
Қарамай айналама жүзіп келем,
Тулаған толқындарды көріп келем,
Күркіреген көк дауысын естіп келем...
Кей-кейде тұнығына батып кетем,
Сонда да, қайта шығып жүзіп келем.
Аласа - биік сарқырама күтер алдан
Құлдилап төмен құласам да төзіп келем.
Бірде баяу, бірде жылдам
Жүзіп келем, жүземін, жүзе берем...
Себебі мұхитыма бір күн жетем,
Жетем де маржандарын теріп өтем.
Бірақ, қазір, әлі де күресемін,
Толқын, дауыл, көк аспан қаһарымен...
Күресемін кемемді батырмаймын,
Себебі жалғыз емен кемемде мен
Артымда халықым бар үміт күткен!


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүзіп келем өлеңінің авторы кім?

Ергеш Арайлым — осы өлеңнің авторы.

Жүзіп келем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүзіп келем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ергеш Арайлым өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүзіп келем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар