Әбдірахманға Кәкітай атынан хат – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Әбдірахманға Кәкітай атынан хат» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 2
  • 12717
Көзімнің нұрысыз,
Сізсіз жоқ қуаныш.
Өмірдің гүлісіз,
Көңіліме жұбаныш.
Зар қылып тілеймін
Рақметін алланың.
Елжіреп жылаймын,
Көңілін аш пенденің.
Сыйқатын қалқама,
Берегөр, я, рахим
Тілегім — бұл ғана,
Қайғымды қыл шығын.
Ағатай, сағындым
Есен сау көрмекке.
Сөз таппай аңырдым,
Оқыңыз ермекке.
Осы күн өмірімнің
Ешбір жоқ қызығы,
Жаралы көңілімнің
Жазылмай сызығы.
Мақсатым хатымды
Аз уақыт болса ермек.
Сөзім жоқ татымды
Хошлықпен көріспек.


Пікірлер (2)

Stich

What is it .It’s very good

Шехризат

“Әбдірахманға Кәкітай атынан хат” өлеңін оқып шықтым — бұл туынды маған жүректің терең сағынышы мен баласына деген шынайы махаббат сезімін өте нақты жеткізеді екен. Өлеңде Кәкітай кейіпкерінің тілегі, қиналысы мен үміті, әсіресе алыстағы ұлының амандығын тілеген жүрек шуағы айқын сезіледі. Абай ақынның бұл шығармасы адам жан‑жоқтығы мен мейірімнің күшін ақылды әрі нәзік суреттегендей.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбдірахманға Кәкітай атынан хат өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Әбдірахманға Кәкітай атынан хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбдірахманға Кәкітай атынан хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбдірахманға Кәкітай атынан хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері