Тұтқындағы батыр – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Тұтқындағы батыр» атты Абай Құнанбайұлы жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 6
  • 24039
(М. Ю. Лермонтовтан)

Қараңғы үй терезесі — тұтқын орны,
Көгерген көктің жүзі ескі формы.
Азат құстар аспанда ойнап ұшса,
Ұялып қарай алмас мендей сорлы.
Тәубә жоқ, дұға да жоқ тентек бойда,
Өлең жоқ айтып жүрген талай тойда.
Қан ағып, қайрат қылған майдан менен
Ауыр қылыш дулыға бірақ ойда.
Тас дулыға, тас сауыт киінгенім,
Денемді қысып жатыр бүгін менің.
Оқ пен қылыш бұзбастай киінсем де,
Қайран атым, иең жоқ жалғыз сенің.
Уақыттай өзі жүйрік ат мінеміз,
Сауыттай шынжырлаулы тереземіз.
Тас дулыға болмай ма жатқан үйім,
Шарайнам шойын есік бұ да бір кез.
Жүйрік уақыт шаршатпай қоймас ақыр,
Денемді сауыт-сайман қысып жатыр.
Бұрын сені біреуге көп жұмсап ем,
Енді өзіме шақырдым, ажал батыр.

1895


Пікірлер (6)

Мархабаева Гүлжан

Өте керемет өлең

Кымбат

Кушты олендер маган унад

Инабат

иә,шынымен де күшті өлең

Әділжан

Өте жақсы

Амир

Амир Сатыбалды

Ернұр

Абай өзі жазбапты аударып аударыпты

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұтқындағы батыр өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Тұтқындағы батыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұтқындағы батыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тұтқындағы батыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері