Көбелек – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Көбелек» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1598
Биіктіктен осы сенің күшті нең?
Таудай бол деп тілек айта бересің.
Ұшқым келсе, биіктіктің үстімен,
Мені қалай сөгесің?
Бұл мақсатты ұқпа мейлі,
Түсіне ал!
Ренжімеймін, мен саған.
Биіктіктің бітіп қалған ұшы бар,
Ұш дегенді ұқпай қойды керсанам.
Тарыдай ма, әлде сондай алып па?
Мендік сана бағынбайды-ау қалыпқа.
Үлкен-кіші, аласа мен биік жоқ,
Асығамын формасыз бір Жарыққа.
Тау туралы білігіңмен бөлісіп,
Өзіңдегі танымыңа сене бер,
Өліп жатса, әз Жарықпен көрісіп,
Көбелекті жынды дейді, сөгеді ел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көбелек өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Көбелек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көбелек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көбелек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері