Ұлы даланың жеті қырына
- 1
- 4
Өз елім,өз жерім – байтақ далам
Көркіңе көз жоқ шығар, тамсанбаған
Рухани жаңғырумен,жаңарамыз
Тарих пен уақыт қалар таңбаланған
Бұл бетте «Тәуелсіздік дәуірі» атты Арайлым Жолсеитова жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Өз елім,өз жерім – байтақ далам
Көркіңе көз жоқ шығар, тамсанбаған
Рухани жаңғырумен,жаңарамыз
Тарих пен уақыт қалар таңбаланған
Өкпем жоқ жастығыма,өткеніме
Өткеніме себеп жоқ кектенуге
Зымыраған күнді түн алмастырып,
Айлар,жылдар ,күндерім өтті міне,
Іздеме мені көктен де,
Қарама артқа,өткенге,
Оралмас қайтып бұл көктем,
Жасыңды көл ғып төксең де,
Анаңды сүй,қабағына қара соның
Еш уақытта қарсы келме,кеспе жолын
Уақыт тап болмасада бос қолың
Себебі жұмақ жатыр аяғында оның
Қазақ болып туғаныма мақтанамын
Бабамның қайсарлығын сақтағанмын
Ойда жоқта еліме қауіп төнсе
бар күшіммен ұрысқа аттанамын
ұлпан
маған бұл өлең қатты ұнады өте керемет