Періштені іздеу
Бұл бетте «Періштені іздеу» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұлымның көп бізге қояр сұрағы,
Періштенің ай ма дейді тұрағы...
Ақ көйлекті қалыңдықты көре сап,
Дейді анау періште,
Қашан көктен құлады?
Бала емес пе?
Келіс, мейлі келіспе,
Ақ кигеннің бәрі оған періште!
Сеніміне селкеу салғым келместен,
Жауап бермей тұнжыраймын мен іштен!
Ақтың бәрі аппақ әлем түзбейді,
Ақ баланы алдасақ та біз мейлі!
Ертегідей екен деп ол өмірді,
Ешкім әлі көрмеген
Туысқанын іздейді!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі