Бұл бетте «Туған күн» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүгін сенің туған күнің, шаттығым!
Шалдым саған қоңырау...
Арғы жақтан жауап берді,
Қатқыл үн!
Жалғандағы бәрін тілеп тәттінің,
Жолын тілеп, алды ашық аттының,
Қоя салдым тұтқаны.
Ешкім, сірә бұл күйімді ұқпады.
Жанарымның
жылт-жылт етті шықтары.
Саусақтарым мөлдір шықты аяусыз,
Жамалымда сықты, әні!
Көпті көрген, аңғал, абыз қартыңдай,
Ту сыртыңнан тілек айттым, тартынбай.
Топырлаған туыстан,
тілегімді тыңдауға,
Жатқан шығар уақытың артылмай!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі