Борай да борай қар жауса
- 0
- 1
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бұл бетте «Азамат ердің баласы» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қайтіп
Қара нар керек біздің бұл іске.
Еменнің түбі — сары бал,
Еріскен көңіл — бәрі бал.
Жоғарыдан төмен төгейін,
Керегіңді теріп ал.
Аноним
Азамат ердің баласы деген тақырыпқа эссе барма?
Аяжан
Бұл өлең негізінде "Өкініш" өлеңінің соңғы қатарлары ғой. Неге бұлай істеген түсінбедім
Кәусар
Аз оттарда,көп жұмсар емеспа?