Алты күндей алаулап – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Алты күндей алаулап» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 1
  • 13745
Алты күндей алаулап,
Он екі күндей ой ойлап,
Ақылды алпыс жаққа шаптырып,
Ақылы жөнге келгенсін
Толғай-толғай жүгірген,
Топырағын суырған,
Ертеден салса кешке озған,
Ылдидан салса төске озған,
Қой мойынды көк жұлын
Томаға көзді қасқа азбан,
Көк жұлынды жетелеп,
Қисық жерден төтелеп,
Қабырға, қол сөгіліп,
Арғымақ ат бүгіліп,
Әзіреттен ант ішіп,
Ақыретті жанға байланып,
Талай жүрдік далада,
Әділ жаннан түңіліп.


Пікірлер (1)

Темирхан Гүлдана

Маған өте катты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері