Адам ата сияқтанып – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Адам ата сияқтанып» атты Мұқағали Мақатаев жазған ата туралы өлең берілген.

  • 17.03.2019
  • 0
  • 1
  • 10740
Адам ата сияқтанып,
ертеңгі алаң-елеңмен,
Ағаштардың аясында
сеп-сергек боп келем мен.
Даусымды есті, жақын кел,
үңіл маған, ұстап көр,
Мамықтайын алақанмен сипай бергін,
көнем мен.
Жанай өтсем, шошыма сен,
жамылғысыз денемнен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Азамат

Мұқағали Мақатаевтың Адам ата сияқтанып өлеңі ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері