Емен көрдім – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Емен көрдім» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.03.2019
  • 0
  • 1
  • 6148
Луизианда емен көрдім,
Бұтағынан мүк салбырап,
далада тур серіксіз,
Күңіренткен жапырағы сылдырайды еріксіз.
Майсыпайтын бұп-бұжыр, қайсар менен аумайды,
Уа, ғажап!
Жапа-жалғыз қалай өмірін жалғайды?!
Тіпті алаңсыз, жапырағына
жан береді, қаулайды,
Орнында оның болсам егер,
менде төзім қалмайды.
Бір бұтағын сындырдым да,
мүкке орап әкелдім,
Әкелдім де іліп қойдым, дәл төріне пәтердің.
Құрметті достарымды еске салсын демедім,
(Бұл күндері ешкімді де
ойыма алмай келемін).
Мен үшін ол естен шықпас,
нышан болып кетпекші,
Достық жайлы ойлануға
мені мәжбүр етпекші.
Луизианда, кең далада,
сыңар емен жайнасын,
Сыбырласып жапырағымен,
өмір бойы ойнасын.
Тек тәңірім мені соның
орнына әкеп қоймасын.


Пікірлер (1)

Айсана

Мұқағали Мақатаевтың Емен көрдім өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Емен көрдім өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Емен көрдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Емен көрдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Емен көрдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері