Қиял туралы – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Қиял туралы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3251
Қиял кеп кейде оралса аулақтағы,
Қиын ба ойдың отын лаулатпағы.
Жақсы арман кімнің жанын жылытпады,
Кімдерді төсегінде аунатпады.
Жақсы арман жағып қойған жарығындай,
Сезілмес басқан ауыр салмақ - тағы.
Турады не қаласаң алдыңа кеп
Секілді алтын балық қармақтағы.
Балыққа қызықпаймын аламын деп,
Аунатып алтын торға саламын деп.
Қорқамын бүгін емес, ертеңімнен
Армансыз қартайғанда қаламын деп.
Қиялдың шабыт берер өзі жақсы
Жылда егіп, жылда өсіріп алары көп.
Жылы түн, жайлы төсек алдама сен
Шалдың да себері бар, орары көп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиял туралы өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қиял туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиял туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиял туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері