Желік

Бұл бетте «Желік» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2645
Бірінші өлең
Жел айдайды желкенді,
Жел айдайды қаңбақты.
Сықырлатып сеңдерді
Бұрқыратар шаңдақты.
Сол тұрақсыз жынды жел
Кірсе ішіне кісінің,
Жетелер де жөнелер,
Көтерер де ысуын.
Желік дейміз ондайды
Желпілдетер түндікті.
Жігітте ақыл қалмайды
Ойлайтын да күндікті.
Желік әбден демігер.
Тартқанға енді тоқтар ма,
Көп сияқты көрінер
Өз бойында жоқтарда.
Дос көбейер мақтарға,
Мұрша қалмас тоқтарға.
Айналып-ақ кетеді
Айбынды бір сотқарға.
Айналған соң сотқарға
Сескенбес ол оттан да.
Есін бір-ақ жинайды
Тасқа басын соққанда.

Екінші өлең
Желігу әйелден де табылады,
Жас сайтан тумай жатып қағынады.
Айнадан қасын көріп, көзін көріп,
Оның суретіне табынады.
Мәз-мейрам өзгелерді желіктірсе
Сиқырмен есін алып еліктірсе,
Ойлайды күнді қызық өткіздім деп,
Үйіне бір Дон Жуан еріп кірсе.
Әсемдер жүрісін де, күлкісін де,
Жайнатар мойнындағы түлкісін де.
Ұйқысын күндіз жатып қандырады
Түндерін өткізуге күлкі ішінде.
Ойнатар кеудесін де, бөксесін де,
Сөйлетер тық-тық басқан өкшесін де.
Жаттаған сөздерін де назбен шертіп,
Еркекке нәзік айтар өкпесін де.
Тапқыр - ақ ойлағанын бәрінің де,
Сыры бар сыңсып салар әнінің де.
Жүрегін ұстамалы алар торлап
Сайтаны басылмаған кәрінің де.
Қайран не уақыт жеңіп алғаннан соң,
Жас дәурен жасыл шөптей солғаннан соң.
Бір күні шыға келер ақылды боп.
Тонатып тұла бойын алғаннан соң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желік өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Желік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Желік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері