Тұрмын мен құшақтап

Бұл бетте «Тұрмын мен құшақтап» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3215
Айқайлап немерем дүниеге келгенде:
– Мен? - деді ол, - иесі бұл жарық ғаламның,
Ризамыз, боташым, біз сені көргенге,
Жасасын, ұрпағы шаршаған адамның!
Көтеріп шықтым мен оны алғаш далаға,
Күліп ол, сәулелі күн болып қарады.
Байланған өзендер босанып бұғаудан,
Аппақ қар балаша жүгіріп барады.
Қайыңдар сілкінді, емендер сілкінді,
Босанды сірескен сүңгіден, қыраудан,
Ауырған бұтақтар көгере құлпырды
Айығып алды да қыстайғы тымаудан.
Тұрмын мен құшақтап көктемнің сәулесін,
Апырым-ай, мен неткен адаммын бақытты,
Тұрмын ғой көтеріп әлемнің иесін
Жасарта, жаңарта алатын уақытты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрмын мен құшақтап өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Тұрмын мен құшақтап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрмын мен құшақтап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрмын мен құшақтап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері