Кәріліктің бір сыры

Бұл бетте «Кәріліктің бір сыры» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1948
Кәрілік алғаннан соң тірсегіңнен
Не шықпақ сөзбен айтқан құр сенімнен.
Бөксеңді әрең жинап қозғаларсың
Кәдімгі кәрі қошқар бүрсеңімен.
Күртілдер буындарың еңкейгенге,
Көзіңнен ағар сораң жел тигенге.
Өзіңе өзің қарап мәз боласың.
Қарайын қарақшыдай селтигенге.
Шырағың тартса күңгірт ішіндегі,
Аяйды аңдағыштың түсінгені.
Жүргені, жүгіргені жас жігіттің
Көрінер қызығыңдай түсіңдегі.
Болдырмай сонда жалғыз тіл қалады,
Сорлы тіл дамыл таппай тырбанады.
Кетеді сайрағыш боп, сөйлегіш боп,
Әйтпесе оған енді кім нанады...
Айтқышсың есіткен мен көргендерді,
Айтқышсың жеңілген мен жеңгендерді.
Арбайсың қызыл тілмен қызықтырып
Қасыңнан жібермеуге келгендерді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәріліктің бір сыры өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Кәріліктің бір сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәріліктің бір сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәріліктің бір сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері