Тағы да өзім туралы – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Тағы да өзім туралы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2149
Таң сәріден, түннен кейін, -
Күннен бұрын ояндым.
Жастығымда жатыр басым жып-жылы
Көжегіндей қоянның.
Шүкір, құдай, бар екенмін бүгін де,
Сексеуілге айналмапты қолдарым.
Біреуі ұзын, бірі қысқа аяғым,
Сөйлеп жатыр әлі жүрер жол барын.
Тозған көрік кеудемдегі кезінде
Дем беріп тұр тірлігіме тынбастан.
Күнгірт тартқан хрустальдар көзіме
Таң сәулесін қабылдайды сынбастан.
Шүкір, құдай, бар екенмін бүгін де,
Көк теңізден күн шықса деп тілеймін,
Кешке дейін қанша өмір бар алдымда,
Оған дейін керегі не жүдеудің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы да өзім туралы өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Тағы да өзім туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы да өзім туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы да өзім туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері