Той күнгі толғау – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Той күнгі толғау» атты Әбділдә Тәжібаев жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 1
  • 2286
Мұнан он жыл ілгері,
Елдің ескі шағында,
Елдің надан уағында,
Қарындасым күң болды.
Атасына жалтақтап,
Енесіне қалбақтап,
Ертелі-кеш салпақтап,
Ері «ә!» десе, жым болды.
Күн неме деу ат болып,
Бір жүре алмай шат болып,
Шаттық күні жат болып,
Жас жігері құм болды.
Мал орнына сатылып,
Бес-он қара құн болды.
Сөйтіп көксеп теңдікті
Көрмейін деп кемдікті,
Сүйгеніне бара алмай,
Сүймегеннен қала алмай,
Өзіне не бола алмай
«Теңдік» деген мұң болды.
Бостандықтың таңы атты,
Теңдік - теңдік шын болды.
Апа, сіңлі ту алып,
Қол ұстасып қуанып,
Топ-топ болып топтанып,
Тудың асты мың, болды.
Білім алып мектепте.
Бірдейлікке жетпекке
Тапты даңғыл бір жолды.
Міне, соған тап бүгін
Табанды он жыл өтті,
Талай ауыр күн өтті,
Енді өткен күн жыр болды.


Пікірлер (1)

Есімім Айару

Өте күшті емес екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Той күнгі толғау өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Той күнгі толғау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Той күнгі толғау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Той күнгі толғау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар