Бетпе-бет

Бұл бетте «Бетпе-бет» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2423
Міне, сәулем, өзің келдің.
Жан бауырым, Күлжамал,
Екі бетің қызарған ба?
Ұялудың ізі бар.
Келші бермен, қалқатайым,
Көздің нұры, жүрегім.
Ой туғызды сыры терең,
Жазған, маған тілегін,
Жаңа өмірге талпынғаның,
Жаным маған емес жат.
Әйтсе дағы сенен, сәулем,
Бөлек тұру қиын-ақ.
Бірге тұрып, бірге өскен соң,
Көңілді ой бөледі.
Қуанышқа кенелсем де
Көзімнен жас келеді.
Жас шықса да екі көзден
Жан бауырым, Күлжамал,
Бұл мұңайып емес жылау
Суланарлық орамал.
Бұл әншейін бірге туған,
Жақындықтың белгісі,
Әйтпегенде бақыт тойын,
Келмес кімнің көргісі.
Көрем, жаным, қызығыңды,
Басқарамын тойыңды.
Бар жолдасты шақырамын,
Көрсетемін ойынды.
Комсомолка құрбыларың,
Келсін, қалқам бауырым.
Көрсетейік жаңа жылда
Жаңа тойдың тәуірін.
Жаңа жылда жасқа толған,
Жан бауырым, Күлжамал
Жаңа өмірге аттанғаның,
Ақындарға жыр болар.
«Жаңа жылда жарға шықты,
Комсомолка дәрігер,
Күш күтеді Күлжамалдан,
Саулық сүйген қалың ел» -
Деп шырқаса пионерлер
Өміріңе тіл берсе,
Той қызығы ақындарға
Лирикалы сыр берсе,
Одан артық айтшы, күнім,
Ағаң үшін не керек.
Тойға, сәулем, әзірленем
Өткіземін тезірек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бетпе-бет өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Бетпе-бет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бетпе-бет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бетпе-бет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері