Шабыт – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Шабыт» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3561
Кеудем бір жанартаудай күркіресе
Көңілімнен ыстық жаңбыр сіркіресе,
Қайнаған қара құйын бұлт боламын,
Ойымда ойнайды ұйтқып от бораным.
Жанымның сонда нұры жалтылдаған
Әкеліп алыстарды берер маған.
Көзімнің сыпырылар томағасы,
Алдымда жайнар әлем мұнарасы.
Ғайыптан ән есітемін сол мезетте,
Күнәлі көлеңкелер қалмайды есте.
Шұғыладан домбырама ішек тағып,
Шығамын кең дүниеге қысып шабыт.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабыт өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Шабыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шабыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері