Москва, саған

Бұл бетте «Москва, саған» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1335
Москва, саған, саған, сүйікті астанам
Арнадық біз жалынды жыр мен әндерді.
Әніміз қандай асқақтата бастаған –
Аспандай биік, океандай терең, пәрменді.
Әр сөзінде арналған саған жырлардың
Әжелердің аналық махаббаты бар.
Бейкүнә, балғын, ғажайып ұл мен қыздардың
Көктемнен көркем балалық махаббаты бар.
Тас жарылар, темір де тозар уақыттан,
Таулар күйрер, теңіздер суы тартылар.
Тозбайды жалғыз арналған саған махаббат,
Тартылмас ол, жыл асқан сайын артылар.
Күн қуатты, атом да күндей қуатты,
Кемітер оны, танымас оны біз емес.
Олар да бірақ махаббаттан туатын
Ең құдіретті достыққа біздің тең емес!
Тағдырмыз бір бесікте тербелген,
Аталардың қабырын да бірге қазғанбыз.
Қырық жыл бұрын бірліктің антын өзгермес
Зор майданда қып-қызыл қанмен жазғанбыз.
Москва, саған, саған сүйікті астанам
Арнадық біз жалынды жыр мен әндерді.
Әніміз қандай атымен Ленин бастаған –
Аспандай биік, океандай терең, пәрменді.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Москва, саған өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Москва, саған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Москва, саған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Москва, саған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері