Стамбул түндері – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Стамбул түндері» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2631
Айтылды азан, кешкі намаз басталды,
Еңкейтті ауыр ақ сәлделер бастарды.
Қол кеудеде, бет құбылада,
Тіл - ағузы, бісмеллада,
Күндіз жұққан күнәлардың
Алла атымен жуып бәрін.
Жарық көздер жасаурады, жұмылды,
Түрік қауымы сәждесіне жығылды.
Дәл осы кеште ресторанда арнаулы,
Жерлігі мен ішерлігі таңдаулы
Америкалық адмиралдар,
Офицерлер, генералдар,
Соғыстырып бокалдарды,
Арақтарды аса нәрлі
Жұта берді жұтқыншақтар талғанша,
Маңдайлардан мөлтілдеп тер тамғанша.
Бойшаң сұлу бөтелкелер тұр қаптай,
Самсап келіп сапқа кірер солдаттай.
Қүй кәнеки, тағы да қүй,
Стамбулда өзіміз би.
Тоқтатпаңдар гитар әнін.
Келтіріңдер түрік қыздарын! –
Дейді әмірлі ішкіштердің үндері.
Қандай ғажап Стамбулдың түндері.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Стамбул түндері өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Стамбул түндері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Стамбул түндері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Стамбул түндері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері