Ауылым – Айгүл Сәбитқызы

Бұл бетте «Ауылым» атты Айгүл Сәбитқызы жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 30.03.2019
  • 0
  • 0
  • 7610
Ауыл жайлы жазалмай көптен өлең,
Білмеймін неге екенін, көп бөгелем.
Сол ауылдың суын ішіп, шаңын жұтып,
Көгеріп көппен бірге көктеген ем.
Ауылым-алтын тұғыр бақ тұрағым,
Өзіңнен жадау жаным, тапты бағын
Төсіңде өсіп-өніп бағым тасып,
Бой түзеп, өзгелердей сап құрадым.
Ауылым-ашық болсын мәңгі аспаның.
Аспаныңда қалықтасын ән дастаным.
Төріңде ойын-сауық үзілмейтін,
Мәңгі аман болсыншы, жан достарым.
Арман мекен баптаған бала қыран,
Қатайғанша демеген қанатынан.
Ауыл жайлы ойласам сағыныштан.
Көңілімді басады ала тұман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері