Бұл бетте «Тоқылдақ пен тиін» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Тоқылдақ дейтін құс бар,
Жаз бар, қыс бар,
Бір күн тыным таппайды.
Түнде де жатпайды,
Құр беймаза: тоқ - тоқ,
Ұзын шұбақ: соқ - соқ!
Мүлгіген қалың орманда,
Онан бөтен дыбыс жоқ.
Бір күн оған тиін кездесті,
Екеуі шүйіркелесті:
— Тиін, — деді Тоқылдақ,
(Ол ондайға ақылды - ақ)
— Сен ылғи жортасың да жүресің,
Сонша неден қорқасың да жүресің ?
— Қорқудан емес жортуым,
Орман, тоғай, жер суым...
Жан-жағыңда жау жоқ па деп ?
Өрт қатері аулақ па деп,
Ылғи соны шоламын,
Сол үшін шыр-пыр боламын.
Ал, өзің ше ? — деді Тиін, —
Саған да түсіну қиын
Қорқақтың бірі сен бе деп тұрмын,
Батырдың бірі мен деп тұрмын.
Тілің тықылдаудан басқа,
Тұмсығың тоқылдаудан басқа,
Қолыңнан келері не?
Осыған бір нәрсе де!
— Жүгірмей-ақ, жорытпай-ақ,
Ешнәрседен қорықпай-ақ,
Мен орманды тұрып күзетем,
Ағашты тұмсығыммен ұрып түзетем...
Екеуі солай лепірді,
Тиін бұтағына секірді.
* * *
Шаруаны тілмен істейтін,
Әйтеуір аттан түспейтін,
Аз ба бізде тиін секілді жортатындар?
Қолмен істер жұмыстан қорқатындар
Орақ орып тілімен, ебін тауып,
Аз ба бізде Тоқылдақ - тақылдауық?!
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі