Өлең, жыр, ақындар

Ораза

  • 19.04.2015
  • 2
  • 5
  • 26065
Молдеке, сізге бір арыз,
Ораза деген не парыз?
Ауырмай астан қалғанда,
Өтейтінің қай қарыз?

Аш жүр деп алла аяса,
Жарылқар еді кедейді.
Көпке бірдей қараса,
Жақсы, жаман демейді.

Күнәдан адам қорықса,
Кісі ақысын жемейді.
Біреу жалшы, біреу бай,
Қай кезде, кім теңейді?



Пікірлер (5)

Ақбота

Өлеңдері күшті екенше

Али

Қай кезде, кім теңейді?

Ернат

Топырлап жұма сайын жиналасың,
Жасыңа жетпей сақал сап қиналасың,
Күнә қып, оны намазбен жуам деп,
Ақыры түбінде жаратушыдан сыналасың!

Алма

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Ораза» өлеңі жас кезінде жазылған шығар өсе келе ойы өзгерер еді, себебі ораза пайдалы қай жағынан қарасаң да

Сауле

Ата бабаларымыз ұлтын,қазақ деген елін,жерін,қазақтың тілін әр қашанда ең бірінші орынға қойған ғой..Казіргі заманда арабтарга,орыстарга еликтеп кеттик

Пікір қалдырыңыз

Қазақ тілі

  • 2
  • 25

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Толық

Алты аяқ

  • 1
  • 0

Тұңғиық түпсіз ашулы
Асау теңіз толқыған.
Бойымды топырақ басулы,
Жүре алмаймын жол тұман.

Толық

Кедей

  • 0
  • 2

Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.

Толық