Бөлемін сөзге көңіл

Бұл бетте «Бөлемін сөзге көңіл» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын,
Болсам да малға кедей, тілге баймын.
Күніне мыңды алып, жүз берсем де,
Қалтамның түбі тесік, байымаймын»
(Шашубай)

Қызығын бұл жалғанның көріп келем,
Мыңды алып, мен де жүзді беріп келем.
Баласы Қошқарбайдың Шашубайдай,
Малға емес, сөзге көңіл бөліп келем.
Тартқан-ау мінезім де Шашубайға,
Шашылып жатам кейде, басу қайда.
Айырылып барымнан да, нарымнан да,
Іздеймін жар ашуын басуға айла.
Жоқ демен сонда дағы, жоқ демедім,
Жоқтан бар жасамай ма отты өлеңім.
Мыңды алсам, мыңды беріп, мыңды танып,
Ақынның сал-серісі боп келемін.
Той-тойлап жорға мініп тербетіле,
Сыймадым тасып көңілім жер бетіне.
Жарқылдап найзағайдай өткен күннің,
Саусақты басайыншы пернесіне.
Бір перне бір пернеден мұңдылау ма?
Мұңды үні сүйегімді бұрғылауда.
Қияда шарықтаған қайран көңіл,
Күн сайын шыңырауға құлдырауда.
Ауладым Алатаудан ұларымды,
Кеудеме бастым жұпар тұмарымды.
Дүние сырға тұнған, жырға тұнған,
Баса алмай қойды-ау бірақ құмарымды.
Десе де мұң мен қайғы қаншама ащы,
Өмір деп жасар адам жанталасты.
Он келіп, он кетсемде, беу, дүние,
Құмарым саған деген тарқамас-ты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөлемін сөзге көңіл өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Бөлемін сөзге көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөлемін сөзге көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөлемін сөзге көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері