Көктем саяхаты – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Көктем саяхаты» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2944
Жайдары жарқын, жылы шырайлы,
Сүйкімді сөзі, жұмсақ ырайлы,
Есікті қағып бір кісі келді,
Күлімдеп көзі кіргісі келді.
— Қош келдіңіз, келіңіз! —дедік,
Күлімдей күліп, отырды келіп.
— Жерден емес көктен едім,
Көптің күткен көктемі едім,
Тек бұл емес келген жылым,
Көпке таныс көптен едім.
Қарсы алғанға құшақ жайып,
Байлығымды төккен едім.
Дұрыс қарсы алмағанға,
Бір түйір де дән берместен,
Отырғызып кеткен едім.
"Сондай тағы болмасын " деп
Жыл құсы боп жеткен едім.
Көлік, құрал-саймандарын
Кімдер дұрыс басқара алды,
Көктемге сай міндеттерін,
"Кімдер дұрыс атқара алды... —
Ең алдымен саяхаттап,
Тұңғыш орным менің барған
Облыстық жер бөлімі.
Бар жұмыста артта қалған.
Бәйгеқұмның МТС - ын,
Жолдан тағы көре кеттік.
Рапортты керемет қып
Жазып болып отыр екен,
Кең қағазға он бес беттік:
— "Бар жұмысты срогіне,
Жеткізбестен бұрын біттік,
Қолдағы он бес тракторды,
Қыс басынан жөндеп күттік!" —
Деп артына қол қойыпты,
Көзбен көріп, оқып шықтық.
Дайын он бес тракторын,
Айқай салған рапорттан,
Жүргізіп ек, он екісі —
Құсты майын, бір-екі ұрттап.
Жүрегінде сырқаты бар,
Байқағанға анық құнттап...
Қайта қарап жөнделмесе
Ап-анық тұр шығатыны,
Бір-ақ күнде істен сырттап.
Міне осындай кемшілікті,
Естеріңе сала келдім,
Тез қолға алса жөнделетін.
Екі-үш факты ала келдім.
Үлгі аларлық МТС - ті
Талай-талай және көрдім.
Сонан үлгі алса екен деп,
Шау қимылдау қалса екен деп,
Келді анығын айтып бергім! —
Соны айтты да көтерілді,
Жарқын жүзбен келген кісі,
Аты — Көктем, көптің күткен,
Еңбек айы, жылдың құсы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем саяхаты өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Көктем саяхаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем саяхаты өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем саяхаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері