Көкала ат – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Көкала ат» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2821
Бәрекелді, ат бақсаң осындай бақ,
Жіп құйысқан байла да қоңырау тақ!
Сүйектері ән салсын салдыр-күлдір,
Құр тулағын қалдырып мін дағы шап!
Қуламайды. Көкала "құлайды" десең,
Шаба береді жануар "шу - айт!" десең!
Күліп барады сүйегі ыржаң қағып,
Көкаланы "өледі"деп кім айтты екен?
Айт жануар, Көкала, жүріңкіре,
Сүйегіңді ыржаңдат, күліңкіре!
Сені баққан адамның аты шықсын,
Өлмей тірі әлі өмір сүріңкіре!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкала ат өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Көкала ат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкала ат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкала ат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері