Епшілер – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Епшілер» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1338
Мақтанышпен бәрі атайды
Әлжанова Қамзетайды.
"Ең атақты сауыншымыз, —
Білеміз, — деп, — ол апайды".
Қамзетайды бір кәрия:
— Колхозға үлкен құт! — деп қойды,
Тағы біреу: "сиыр сауса —
Ағып тұрған сүт!" — деп қойды.
Тағы бірі колхозшының
Мәселені тіктеп қойды:
— Неге бізде бір еңбеккүн
Жыл бойына таппайтын бар,
Неге, жолдас председатель,
Сондайларды сақтайсыңдар ?
— Рас! — деді тағы бірі, —
Құр көбейтіп санымызды,
Бір еңбеккүн таппаса да,
Жатқан бар жеп нанымызды.
— Мынау кімді айтады? — десе:
— Ол кәдімгі Айтпады! — деді.
Соны айтарын басқалар да
Ә дегеннен байқап та еді...
— Бәріміз де білеміз,
Жас келіншек торсықтай,
Өз пайдасы табылса,
Үйіріледі ұршықтай.
Көпшіліктің ісіне
Қалған емес қырсықпай,
Ала жаздай үйінен
Жатып алды бір шықпай.
Шық дей қалса жұмысқа,
Ашады да сандығын,
Шашады да тастайды,
Қағаздың көп қалдығын:
— Мынау: "суық — желдікі"
Мынау: "құяң — белдікі".
Бұл: "ауырған — іштікі"
Бұл: "жұлдырған — тістікі!"..
Деген белгі соқтырған
Ұсынады қағазын,
"Справка доктордан"...
Мұны айтқанда сүйреңдеп,
Тіліндегі тиегі
Ағытылып жөнейді,
Шошаң қағып иегі...
— Ратай ше, Ратай ? —
Деп күлді де, Құлатай, —
Оны жақсы білеміз,
Колхоз жері еккені,
Колхоз шөбі органы,
Биыл емес мұндай боп,
Ратайлар тұрғалы,
Тірлігі осы жылдағы...
— Білесіз бе басқаны, —
Деп қойды да бір жігіт,
Сөзін былай бастады:
— Бұл колхозда кеп болды
Усовалар тұрғалы,
МТС - те істейді
Николай мен Иваны.
Бір баласы механик,
Осында, бірақ, үй, малы...
Өрімдей өңкей жас әйел
Өз бақшасын баптайды.
Ортан қолдай он адам
Бір еңбеккүн таппайды,
Колхозға шеп шаппайды,
Колхоз малын бақпайды,
Жем мен шөбі сүрлеуді,
Алдында тұр қалауы...
Жүре алмайды мамырлап,
Май басқан талпақ танауы.
Семіргенін сатады,
Ақша түсіп жатады.
"Победа " алды! — Базарға
Мінеді де зытады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Епшілер өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Епшілер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Епшілер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Епшілер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері